Аса ауылы

Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық қосалқы құралдармен қамтамасыз ету


 
 


             Техникалық қосалқы құралдар, протезді-ортопедиялық құралдар, сурдо-тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар.
 Сурдотехникалық құралдар – есту ақауларын түзетуге және өтеуге арналған техникалық құралдар, соның ішінде байланыс және ақпарат тасымалдауды күшейту құралдары.
 Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде қамтамасыз етіледі.
 Сурдотехникалық құралдармен мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен: 
 - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

-Мүгедек-балалар;
 - 1, 2, 3 топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледі;

Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердің көру ақауы негізінде жоғалған мүмкіншіліктерін түзетуе және қалпына келтіруге бағытталған құралдар.
 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде қамтамасыз етіледі.

Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты тұратын жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беріп, олар әзірлеген мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде протездік-ортопедиялық құралдарға қажеттілікті, олардың тізбесі мен санын көрсете отырып айқындайды.

Протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу:
 - Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
 - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге;
 - Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;
 -Жалпы аурудан мүгедек болғандарға;

Бала жасынан мүгедектерге;

-Мүгедек балаларға жүргізіледі.

Міндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектің табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер ұғынылады.

Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде қамтамасыз етіледі.
 Міндетті гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектер тұрғылықты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімдеріне өтініш береді.
 
 







 Мүгедектерге ұсынылатын техникалық қосалқы құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдардың тізімі
 
 1. Протездік ортопедиялық құралдар:
 1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
       2) жілiншiк протездерi;
       3) жамбас протездерi;
       4) кеуде бездерінiң протездерi;
       5) аппараттар, туторлар, ортездер;
       6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
       7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
       8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
       9) ортопедиялық аяқ-киiм және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
       10) аппараттарға арналған аяқ-киiм.

2. Сурдотехникалық құралдар:
 1) есту аппараттары;
       2) веб-камерасы бар ноутбук (бейнекомпьютерлері орнына);
       3) көп функционалды дабылды жүйелер;
       4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар;
       5) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар;
       6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары.

3. Тифлотехникалық құралдар:
 1) тифлотаяқтар;
       2) оқу машиналары;
       3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук (компьютерлік тифлокешендері орнына);
       4) Брайл жүйесi бойынша жазу құралы;
       5) Брайл жүйесi бойынша жазу грифелi;
       6) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз;
       7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар;
       8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
       9) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар.

4. Арнаулы жүріп-тұру құралдары:
 1) бөлмелік кресло-арбалар,
 2) серуендік кресло-арбалар.
 5. Міндетті гигеналық құралдар:
 
1) несеп қабылдағыштар,
 2) нәжіс қабылдағыштар,
 3) памперстер.
 
 Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету
 
 Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету мүгедектердің және мүгедек балалардың жеке оңалту бағдарламасы негізінде жергілікті атқару органдарымен санаторий-курорттық жолдама беру арқылы жүзеге асырылады.
 Мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуге құжаттарды рәсімдеу аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері орындайды.
 Жолдамалар күнтізбелік жылда бір рет, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органы белгілеген мерзімге беріледі.
 
 

Файлды жүктеу: shatty__1.docx
22,37 Kb


Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2019 жылдың 10 айында 

атқарылған жұмыстары туралы мәлімет


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша                   10 айға 1 657 608,0 мың тенге қаржының 1 656 591,0 мың теңгесі игерілді,  яғни қаржының игерілуі 01 қарашасына 99,9  пайызды құрайды.

Әлеуметтік жәрдемақылар мәселесі бойынша

2019 жылға қарастырылған қаражаттар төмендегідей: 

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджет трансферттері есебінен- 1 481 870,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 138 112,0 мың теңге және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебіненм 300 000,0 мың теңге;
  • тұрғын үй жәрдемақысы - 11  389,0 мың теңге;
  • жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке- 37 650,0 мың теңге;
  • мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 6 363,0 мың теңге;
  • Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек- 25 250,0 мың теңге.

2019 жылдың 1 қарашасына бюджет қаражаттарының игерілуі төмендегідей:

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2937 отбасынның 14742  мүшесіне   1 466 954,5   мың теңге тағайындалды және 2018 жылдан өтпелі соманы қоса алғанда 1 466 954,5  мың теңге төленді;
  • тұрғын үй көмегі бойынша 468 отбасындағы 2625 адамға 11389,0 мың теңге тағайындалып, толық  төленді;
  • мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 122 отбасындағы 127 балаға 5050,0 мың теңге тағайындалып, толық төленді;
  • ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек бойынша 2305 маманға 23 280,5 мың теңге тағайындалып, 1348,0 мың теңге төленді.
  • жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бойынша  627 адамға 35202,0 мың теңге тағайындалып, толық төленді.


Мүгедектер мен ардагерлерге көмек көрсету бойынша

Аудан бойынша 2019 жылдың  01  қарашасына 2605 мүгедектер тіркелді, оның ішінде 1 топтағы-193, 2 топтағы -758 адам, 3 топтағы-1166 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 488 адам.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету бойынша 2019 жылға жалпы  80596,0 мың теңге (жергілікті бюджет 44526,0 мың теңге, республикалық бюджет  36070,0 мың теңге) қаралған.

2019 жылға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 39197,0 мың теңге (18887,0 мың теңге жергілікті бюджет, 20310,0 мың теңге республикалық бюджет), 2019 жылдың 01 қарашасына 18893,0 мың теңге (жергілікті бюджет), 33943,0 мың теңге (республикалық бюджет) игеріліп, 310 адам міндетті гигиеналық құралмен қамтылды, компенсаторлық құралдарға республикалық бюджеттен 14122,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.

Ымдау тілі мамандарының қызметі үшін ымдау тілі маманын қажет ететін             19 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 3238,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2734,0 мың теңгесі игерілді. Жеке көмекшілердің қызметін көрсету бойынша жеке көмекшілердің қызметін қажет ететін 183 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 24000,0 мың теңге қаражат бөлініп, 20729.0 мың теңге қаражат игерілді.

Мүгедектер мен ардагерлерге қызмет көрсету бөлімінің жанында үйде күтім көрсету жағдайында  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 1 жұмыс жөніндегі консультант, 7 әлеуметтік қызметкер 40 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан адамдар және жалғыз басты қарттарға қызмет  көрсетеді.

Жеке сектор субьектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлесі 28% жоспарланған, ағымдағы жылмен (9 әлеуметтік қызметкер 50 мүмкіндігі шектеулі балалар үкіметтік емес ұйымдарға жолданып, көрсеткіш 55,5%  орындалды). 

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша №326 қаулысымен 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға   сәйкес  облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Жамбыл ауданы әкімі арасындағы 2019 жылға бекітілген тиімді нысаналы индикаторды орындау үшін 10 нысанға мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі міндеті мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету болғандықтан үйлестіру бағытында жұмыс жасалынып жатыр.

Бейімдеу жұмыстарына 2019 жылы жергілікті бюджеттен 4 146,0 мың теңге қаражат қарастырылды. Бүгінгі таңда 6 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізген. 



Файлды жүктеу: leumettk-sala-10-aj-esep.docx
15,76 Kb




ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ:

 Жұмыс кестесі:  дүйсенбі - жұма, 09:00 – 19:00;
 Мекен-жайы:     Аса ауылы, Абай көшесі, 157 Б
 Байланыс:          8 (726 33) 2-20-16



Ауылдық округ атауы
Жұмыссыздар саны
Әлеуметтік жұмыс орындары 
Жастар практикасы
Ақылы қоғамдық жұмыс орындары
Тұрақты жұмыс орындары
Аса
ауылы
302
10
100
49
42










Жұмыссыздарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
  1. Жеке куәлік;
  2. Білімі туралы құжат (бар болса);
  3. Еңбек кітапшасы (бар болса).
Аса ауылдық округіндегі жұмыссыздар тізімі
Файлды жүктеу: asa-auyly.docx
33,45 Kb


Аса ауылдық округіндегі бос жұмыс орын тізімі.
Файлды жүктеу: asa-bos-oryn.docx
9,88 Kb



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТТАРЫ

     Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы  № 279 бұйрығымен бекітілген 19 мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша қызметтер көрсетіледі.


Көрсетілетін қызмет атауы

Енгізілетін база атауы

1

«Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» 

«Еңбек нарығы»

2

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»

«Еңбек нарығы»

3

«Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»


4

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар»

«Еңбек нарығы»

5

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

«Е-собес»

6

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» 

«Е-собес»

7

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»       

«Е-собес»

8

«Мүгедектерге кресло-арбалар беру»

«Е-собес»

9

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»

«Е-собес»

10

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

«Е-собес»

11

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

«Е-собес»

12

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»

«Е-собес»

13

«Ақталған адамға куәлік беру»


14

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

«Әлеуметтік көмек»

15

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

«Әлеуметтік көмек»

16

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» (Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген)

«Әлеуметтік көмек»

17

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

«Е-собес»

18

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан  зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»

«Е-собес»


19

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»

«Е-собес»


Файлды жүктеу: bos-lauazymdy-__syn__an-mekemen__-atauy.doc
28,5 Kb
[spoiler][/spoiler]

Тұрғын үй көмегін көрсету бойынша ақпарат

         Жамбыл ауданы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында 407 аз қамтылған отбасындағы (2289 адам) тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылданып, 6 593,4 мың теңге тағайындалды. Оның ішінде, Аса ауылы бойынша аз қамтылған 60 отбасынан (322 адам) өтініш қабылданып, 742,2 мың теңге тағайындалды.